Песков: Президент Тоқаев - саяси тұрғыдан өте қуатты тұлға
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қорғаныс министрлігін тексеру кезінде 13 қылмыстық іс қозғалды: бес лауазымды тұлға қамауға алынды

Қорғаныс министрлігін тексеру кезінде 13 қылмыстық іс қозғалды: бес лауазымды тұлға қамауға алынды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия мүшелерімен кеңес өткізіп, жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы есепті тыңдады.

Комиссия төрағасы, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева жүргізілген тексерістің негізгі бағыттары бойынша қорытындыны баяндады.

Жиында Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға Қарулы күштердегі бірқатар жүйелік проблеманы көрсеткені айтылды. Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде өрескел қателіктер жіберіліп, бұрынғы басшылық тарапынан тиісті бақылау болмаған.

Президент алғашқы кадрлық шешімдердің қабылданғанын атап өтіп, әскери қызметшілердің қазасына кінәлі барлық лауазымды тұлға заң аясында жауапқа тартылуға тиіс екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

13 қылмыстық іс қозғалды

Тексерудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі заң бұзушылықтарға байланысты 13 қылмыстық іс қозғаған.

Олардың арасында мемлекет мүлкін талан-таражға салу, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану және министрлікке қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелер қызметіндегі басқа да заң бұзушылықтар бар.

Бес лауазымды тұлға қамауға алынды

Маңғыстау облысындағы трагедияға қатысты тергеу барысында оқу-жаттығуды дайындау және жоспарлау кезінде қауіп-қатерді бағалау, десант түсіруді ұйымдастыру және әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша елеулі кемшіліктер анықталған.

Қолбасшылық құрамның салғырттығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта бес лауазымды тұлға қамауға алынған.

Тергеу аяқталғаннан кейін олардың әрекетіне түпкілікті құқықтық баға берілмек.

Әлімжеттік фактілері де анықталған

Комиссия әскери тәртіп пен алдын алу жұмыстарында да кемшіліктер бар екенін анықтаған.

Әскерилерге әлімжеттік жасау және жарғыға қайшы әрекеттерге қатысты фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, әскери қызмет өткеру жағдайы, тылдық қамтамасыз ету және жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне де ерекше назар аударылып отыр.

Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру жұмыстары жалғасады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер