Песков: Президент Тоқаев - саяси тұрғыдан өте қуатты тұлға
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

3000 адамға арналған: “Қазақмыс” Жезқазғандағы жаңа облыстық мешіт құрылысын аяқтады

3000 адамға арналған: “Қазақмыс” Жезқазғандағы жаңа облыстық мешіт құрылысын аяқтады

Жаңа мешіт қазірдің өзінде қала тұрғындарының назарын аударуда. Жезқазғандықтар нысанның ашылуын асыға күтіп, әлеуметтік желілерде мешіттің фотосуреттерімен және видеосымен бөлісуде. Қала тұрғындары мешіттің шаһар келбетінде ерекше орын алатынын атап өтуде.

Жезқазғандағы 3 000 адамға арналған жаңа облыстық мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның құрылысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Таяуда мешіттің ашылу салтанаты болады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа мешіт қазірдің өзінде қала тұрғындарының назарын аударуда. Жезқазғандықтар нысанның ашылуын асыға күтіп, әлеуметтік желілерде мешіттің фотосуреттерімен және видеосымен бөлісуде.
Қала тұрғындары мешіттің шаһар келбетінде ерекше орын алатынын атап өтуде.

Жаңа мешіт қаланың орталық бөлігінде, Кеңгір су қоймасының жағалауына жақын жерде орналасқан. Қазіргі уақытта нысандағы ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді монтаждау және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында.
Мешіт бір мезгілде 3 000 адамға дейін қабылдай алады және Ұлытау облысындағы ең ірі діни нысандардың біріне айналады.

Жобаны іске асыру Қазақмыстың Жезқазған қаласы мен өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесінің бір бөлігі болып табылады. Компания қалалық ортаны дамытуға және қоғам үшін маңызды нысандарды салуға бағытталған жобаларды қолдайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.