Димаш Құдайберген Беларусьте концерт береді

0

Димаш Құдайберген Беларусьте астанасында концерт беретінін хабарлады. Ән кеші 2 сәуірге жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты хабарды Димаштың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Ол көпшілікпен Беларусь тілінде амандасып, концертіне шақырды.

Ән кеші «Минск арена» кешенінде өтпек. «Сіздерді жақсы көремін. Құрметтеймін. Сағынамын», — деп жылы лебізін білдірді Димаш.

Айта кетейік, Құдайбергенов наурыз айының 25-інде Дубайдың Coca-Cola аренасында концерт береді.