Өте құпия іс: Кәрім Мәсімовтың түрмедегі жағдайы қалай?

0

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мәсімовтің ісі бойынша  «ақпарат бар, бірақ жұмыстың ерекшелігі сондай, барлық деректерді толық ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді»деді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов әзірге өзінің қамауда ұстау тәртібіне шағымданған жоқ. Бұл туралы BaigeNews.kz агенттігіне берген сұхбатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Омбудсмен Мәсімовтің қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген кез-келген басқа ұсталған азаматтармен бірдей жағдайда тергелетінін атап өтті.

«Әзірге Мәсімовтың жеке басына қатысты шағымдар келіп түскен жоқ, сондықтан қандай да бір тың мәлімет айта алмаймын. Жалғыз отырсын, бірнеше адаммен отырсын, камераның аты камера. Артық қылып қарау деген мәселе жоқ», деді ол.

«Әдетте, ҰҚК тергеу изоляторларында, оларда ауыр және неғұрлым ауыр қылмыстар жүріп жатқанын ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің әдеттегі тергеу изоляторларына қарағанда, адамдар аз бірігеді. Егер сіз екі бөлек камералы бөлмені салыстырсаңыз, олардың бірінде үнемі 20-30 адам, ал екіншісінде екі, үш адамнан ғана болады. Қайсысы тезірек тозуы мүмкін? Ұсталғандар арасындағы үлкен айырмашлық осы камерада. Әйтпесе адвокаттарға, медициналық көмекке, тамақтануға қол жетімділік — барлық қамауда отырғандарға ортақ.  Мысалы, бір жерде ыстық су бар, бірақ бір жерде ол жоқ болуы мүмкін емес. ҰҚК тергеу изоляторында да күшейтілген режим болуы мүмкін», — деді Әзімова.