Қырғызстанның экс-президенті Жээнбековтің құдасы қамалды

0
202

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековтің құдасы, бұрынғы депутат Әлиярбек Әбжалиев қамалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

ҰҚК бұрынғы депутаттың ұсталғанын растады. Алайда күдіктінің аты тергеу құпия өткізіліп жатқанына байланысты айтылмады.

«Кәсіпкер ҰҚК-ға Ә.Ә. парламент депутаты болған кезде жасаған алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде 2 миллион доллар көлемінде залал келтірді деген шағыммен жүгінді. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Сот оған тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — деді ведомство өкілі.