«Дикий Арман» алғаш рет әке атанды

0
Халық арасында «Дикий Арман» атанып кеткен Арман Жұмағалиев алғаш рет әке атанды. Ол қызды болды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

«Әлхамдулиллях, Алланың қалауымен алғаш рет әке атандым. Мәриям-Медина есімді қызым дүниеге келді. Жылы тілектеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіргім келеді.

Ол Қазақ еліне лайықты қыз болады деп үміттенемін. Қазақ елім аман болсын. Аллахым елімізге күш-қуат, берекет, тыныштық берсін, амин», — деп сүйінші хабарды жеткізді Арман.

Қоғам белсендісін алғашқылардың бірі болып Айнұр Тұрсынбаева құттықтады.

«Шымкентке жиналып жанталасып жатсам, сүйінші хабар келді.
Ал Ареке тұңғышыңның бауы берік болсын. Марьям қызымыз Хадишадай ардақты, Асиядай ардақты, Айшадай ақылды болып өссін!
Қуаныштан толқып тұрмын. Қызыңыз майкөтен болып келіп, артынан өзіңіз сияқты батыр ұлдар ерсін», — деп жазба жариялады ол жеке парақшасында.