Дана Нұржігіт ажырасуға екі тараптың да кінәсі болуы мүмкін екенін айтып, бұрынғы күйеуінің өзіне ауыр тиген әрекеттерін еске алды.
Тележүргізуші Дана Нұржігіт журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы жұбайы Әліммен ажырасуына не себеп болғанын айтты. Ол он жыл бойы бала күткенін, алайда ана атанғаннан кейін отбасылық өмірінде қиындықтар басталғанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның сөзінше, Әлім оны «Хабар» арнасындағы қызметінен босатып, өзі баламен жүрген кезде басқа адамға көңіл аударған.
Тележүргізуші сатқындықты тек тән опасыздығымен байланыстырмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, ерлі-зайыптылардың рухани алыстап, ортақ мүдде мен мақсаттан айырылуы да – сатқындықтың бір түрі.
Сондай-ақ ол тек бала үшін отбасын сақтап қалуды дұрыс санамайтынын жеткізді.
«Мен ондай өтірікте баламды өсіргім келмейді», – деді Дана Нұржігіт.