Депутат Тілеухан ЛГБТ мен феминистерге қарсы шу көтерді (видео)

0

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 8 наурызда Алматыда өткен әйелдер феминистер шеруін сынап, депутаттық сауал жолдады.

«Қыздар әйелдер құқығын жақтаймыз деп айқайлады. Ал негізінде олар өз құқықтарын қорғап сөйлеген жоқ, сандырақтады. Олардың маршының басты мақсаты – қазақтың тірегін шайқалту сынды әсер қалдырады. Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар, ал олар «менің өмірім – менің құқығым  дейді. Мені дұрыс түсініңіздер, бұл дұрыс емес» деді депутат сәрсенбідегі мәжілістің отырысында.

Сондай-ақ депутат қазақтың ата-бабасы бір жынысты некеге және жыныс ауыстыруды қолдамағанын айтып, Қазақстан аумағында әйелдер маршы сынды теріс пиғылды насихатқа тыйым салуға шақрыды.