Қайрат Жолдыбайұлы: Билікті қантөгіссіз береді деп ойламаймын

0

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында билік тізгінін алу үшін төңкеріс жасауға қарсы екенін жеткізді.

«Осы уақытқа дейін жазған посттарымда өзімнің революцияға қарсы екенімді білдірдім. Себеп көп. Біріншіден, қантөгіске қарсымын. Өйткені, ол сіресіп қалған кешегі жүйе. Қантөгіссіз билікті береді дегенге сенбеймін. Белоруссия, Ресейден көріп отырмыз. Бізде ондай жағдай болса да, бізге ондай мүмкіншілікті бізге беріп қоймайды деп ойлаймын.

«Билікті алыңдар. Мың адам шықтыңдар, екі адам шықтыңдар. Кіріңдер, ойбай, көп жиналып қалыпсыңдар» деп. Міндетті түрде оның арты қантөгіске апаруы мүмкін деп ойлаймын. Қателесуім де мүмкін, бірақ менің өз ойым сол. Революцияға қарсымын. Қантөгіс болған күннің өзінде елге жаны ашитын адамдардың келіп сол жерге отыра қалатыны да белгісіз.

Кім келіп отыратыны, үшінші жақ пайдаланып кете ме, басқа ұлттар пайдаланып кете ме — ол да белгісіз. Осы күнімізге зар болып қаламыз ба? Мен оны ашық айта алмаймын. Біле де алмаймын. Бірақ сондай қауіп бар. Сондықтан мен ешқашан революцияға шақырған емеспін. Төңкеріске де шақырған емеспін. Бірақ сын айтуға, өзіміздің пікірімізді білдіруге құқығымызды талап етуге шақырып жүрмін», — дейді Қайрат Жолдыбайұлы.