Депутат Президент Зеленскийге ортанғы саусағын көрсетті

0
968

Халық депутаты Гео Лерос жоғарғы Радада сөз сөйлеп, Зеленскийге әдепсіздік саналатын «ортанғы саусағын» көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Украинская правда» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға кеше Рада отырысында болды.

«Сәлеметсіз бе, президент мырза. Сіз де, Ермак та осында екенін көріп отырмын. Мен сізге шындықты айтуға қорықпаймын. Сіз өзіңіздің құқық қорғау органдарыңызды қалағаныңызша улай аласыз, бірақ мен шындықты айтуға қорықпаймын… сіз елдің басты сатқынысыз», – деді депутат.

Осыдан кейін парламент спикері Руслан Стефанчук Леростан микрофонды өшіруді өтінді. Трибунадан шыққан ол Зеленскийге ортанғы саусағын көрсетті.

«Слуга народа» фракциясы Раданың регламент комитетінен халық депутатының мінез-құлқы мен ерсі қылығын бақылап, шешім шығаруын сұрады.

Украина президентінің баспасөз қызметі депутаттың мінез-құлқына жауап беруден бас тартты.

«Бұл кісі өз беделін толығымен жойды», – деді Зеленскийдің өкілі Сергей Никифоров.

Бұрын Гео Лерос Зеленскийдің кеңесшісі болған. Бірақ қазір ол президенттің кеңсесін сынға алуда. 28 тамызда дәл осы депутаттың көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген болатын.

Еске сала кетейік, Фракциясы Рада реттеу комитетіне депутаттың мінберден сөйлеген кезінде мінез-құлқына баға беруді және тиісті шешім шығаруды талап етіп жүгінді. Заң бойынша, халық қалаулысы Парламенттегі жұмыстан бес пленарлық күнге шеттетілуі мүмкін.