Әлішер Кәрімов «Ресей дауысы» шоуына қатысты (ВИДЕО)

0
2844

Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов «Ресей дауысы» шоуына қатысты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әлішер Кәрімов көрмей тыңдау кезеңінде Шарль Азнавур мен Жорж Гарваренцтің «Мәңгілік махаббат» әнін орындады. Оған тәлімгер Александр Градский бұрылған.

Әнші Пелагея да Әлішерге бірден бұрылғысы келгенін айтты.

«Бұрылғым келді, бірақ жоғарғы ноталарды тыңдайын дедім», — деді әнші.

Айта кетейік, Әлішер Кәрімов — екінші кезеңге өткен үшінші қазақстандық әнші.

Бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Ернар Сәдірбаев «Дауыс» шоуына қатысып, төрт тәлімгерді де өзіне қаратқан болатын.