Дариға Назарбаева Ресейде қырғыз сенатының спикерімен кездесті

0

18 сәуірде қырғыз парламентінің спикері Дастанбек Жумабеков пен Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербургте өтіп жатқан ТМД парламентаралық ассамблеясының жиыны аясында кездесті.

Жогорку кеңеш баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жумабеков «өзара серіктестік, өзара пайда мен қолдау қағидаларына негізделген барлық бағыт бойынша Қырғызстан Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға ерекше мүдделі екенін» айтқан.

Жумабековтің сөзінше, Бішкек пен Нұр-Сұлтан арасында «саяси-экономикалық диалог бар». Ол «Қырғызстан сенаты — бауырлас елдер қатынасын тату көрші ретінде нығайтудың бірден-бір қолдаушысы» деген.

Бішкек таратқан хабарламада «Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева екі ел арасындағы парламентаралық қатынасты дамыту қажеттігі жайлы айтты» деп жазылған.

Қазақстан сенатының сайты Назарбаеваның Санкт-Петербургтегі ТМД парламентаралық ассамблеясының шараларына қатысып жүргенін хабарлаған.

Azattyq