Цукерберг Facebook атауын өзгертті

0
360

Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертеді, ал компанияға тиесілі бағдарламалық өнімдер атауы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Бүгіннен бастап Meta деп аталамыз», — деді Цукерберг «метағалам» компаниясының тұсаукесері кезінде.

Сондай-ақ, ол компания логотипін таныстырды. Ол — көк Мебиус жолағы.

«Маған бұрын классикалық зерттеу ұнайтын және Meta сөзі гректің «кейін» деген сөзінен шыққан. Бұл мен үшін әрқашан басқа дүние жасауға болатынын білдіреді», — деді Цукерберг.

Оның айтуынша, жаңа бренд компания назарын «метағаламға» аударады. Онда адамдар экраннан бас тартып, виртуал шындықта болу әсерін сезінеді.

«Біз үшін Facebook емес, «метағалам» бірінші орында. Бұл уақыт өте келе басқа қызметтерімізді пайдалану үшін Facebook қажет болмайтынын білдіреді», — деп түсіндірді Цукерберг презентация кезінде.