Түркияда 2022 жылы демалыс қымбаттай ма

0

2022 жылдың жазғы маусымында Түркиядағы демалыс бағасы қандай болатыны туралы түрік қонақүйлері осы жылдың соңына дейін жариялайды. Сауалнамаға қатысқан қонақүйлердің алдын ала мәліметтері бойынша бағалар 2021 жылдың деңгейінде қалады немесе 10 пайызға (евромен) көтеріледі, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Түркияда салық көлемі ұлғайды. Сондықтан бұл демалыстың қымбаттауына әсер етуі мүмкін. 2021 жылдың қыркүйегінің басында елдің қаржы министрлігі орналастыру, тамақтану, мәдениет және демалыс қызметтерін ұсынатын ұйымдарды қолдау үшін тағы да 8 пайыз ҚҚС белгіледі. Ал, 2020 жылы және 2021 жылдың жазында қонақүйлер үшін бұл төлем төмендетілген болатын.

Сонымен қатар, 2022 жылы қонақүйлерден 2 пайыз мөлшерінде жаңа тұру салығын алу жоспарланған. Оны енгізу 2020 жылы тоқтатылды. 2022 жылға арналған туроператорлар мен қонақүй келісімшарттары осы 2 пайызды ескере отырып жасалды.

Қазақстандықтар үшін Түркиядағы демалыс бағаларына ақша бағамның ауытқуы да әсер етуі мүмкін.