Air Astana 7–ші Airbus A321LR ұшағын алды

0

Жақында Гамбург қаласындағы зауытынан су жаңа ұзақ магистралды Airbus A321LR ұшағы Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды.

Ұшақ Air Lease Corporation  компаниясынан операциялық лизингке алынды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

A321LR әуе кемесінің ұшып шығудың ұлғайтылған максималды салмағы мен оңтайландырылған фюзеляж конструкциясы бар және Pratt & Whitney PW1133G қозғалтқыштарымен жабдықталған. Әуе кемесі іші екі класқа бөлінеді: бизнес-класта 16 және эконом-класта 150 кресло, әрбір кресло дербес экранмен жабдықталған.

Air Astana  компаниялар тобының паркінде 36 ұшақ, оның ішінде үш Boeing 767, бес E190-E2 ұшағы және он A320 FlyArystan ұшағы. Air Astana-ның флотында Airbus А321 / А320 NEO үлгідегі 18 ұшағы бар. Қазіргі уақытта Air Astana компаниялар тобы ұшақтарының орташа жасы 4,6 жыл.

A321LR ұшағы Пхукетке, Мальдивыға, Дубайға, Франкфуртке, Лондонға, Ыстамбұлға бағыттарды қоса алғанда әуе компанияның барлық маршруттық желісі бойынша рейстер орындайды. Алғашқы коммерциялық рейсін жаңа ұшақ желтоқсан айының ортасында орындауды жоспарлап отыр.

Фото: Елена Сергиенко.