«Бізге өте ауыр тиіп отыр»: Тұрсынбек Қабатов болған істің мән-жайын өзі түсіндірді (видео)

0
49054

Әлеуметтік желіде белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты дау қызу талқыланып жатыр. Нақтырақ айтсақ, ол өзінің қызы Әдемінің орнына грантта оқитын Сымбат Қанай деген студентті ҰБТ-ға кіргізіп, жоғары балл алуды көздеген.

Бұл туралы әлеуметтік желіге видео жариялаған Тұрсынбек Қабатов:

«Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет» деп жазды.

Видеодағы әңгімеден түсінгенімізше жалған құжатты Қабатовпен сөйлесіп отырған кісі  жасатып, ата-ананың рұқсатынсыз ҰБТ-ға басқа адам кіргізген. Әзілкеш бұл жағдайдан еш хабары жоқ адамның кейпін танытады.