Біртанов: Коронавирус жұқтырған 11 науқас ауыр халде жатыр — Қазақстан жаңалықтары
Коронавируспен ауыратын он бір науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгінде емделіп жатқан науқастардың 11-інің жағдайы ауыр. Біреуі өте ауыр дәрежеде. Олар жансақтау бөлімінде, 68 науқастың жағдайы орташа, 341 науқас асимптоматикалық емделуде», — деді Біртанов.
Бірінші жағдайдан бастап науқастарға қатысты 13 467 байланыс орнатылды», — деді ол.
«Осы байланыстан 442 азамат кетті, олар шетелге кетті», — деді Біртанов.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирустың 453 жағдайы тіркелді, 29 науқас емделіп шықты, үшеуі қайтыс болды.
stan.kz