«Бірнеше күн бойы ауырып, қатты әлсіредім»: Коронавирус жұқтырған медицина қызметкері емнің дұрыс көрсетілмеуіне наразы — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласында жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады. Медициналық мекеме 18 күн ішінде салынған модульдік кешенде орналасқан. Ауруханада 53 емделуші орналасты. Алайда, ауруханада емнің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты коронавирус жұқтырған медицина қызметкері наразылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп. 

«Науқастың барлығы «коронавирустық инфекция» диагнозымен жатқызылды. Кешеден бастап, бір күн ішінде 53 науқас түсті. Емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі», — деді Әсел Бисенбаева, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары.

Алматы әкімі аурухананы алғашқылардың бірі болып қарап шықты. Жаңа аурухана 280 орынға есептелген және барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған. Қазір штатта 75 дәрігер мен 100 медбике жұмыс істейді.

Дегенмен, жақында ауруханаға жеткізілген науқастар тарапынан алғашқы шағымда да түсіп үлгерген.

Лариса Бельская инфекция жұқтырған медицина қызметкерінің бірі. Әйелдің атуынша, ол ауруханада тиісті ем қабылдамаған, ал температураны өз бетінше түсіруге тура келеді екен. 

«Ешкім ештеңе әкеліп жатқан жоқ, тиісті емдеу орындалмады. Маған өкпеге компьютерлік томография жасау тағайындалған. Содан кейін вирусқа қарс дәрі ішу керек болғанмын. 12 сағаттан кейін екінші таблетканы қабылдауым керек, бірақ әлі дәрі ішпедім.  Бірнеше күн бойы ауырып, қатты әлсіредім. Томография да жасалған жоқ, өзімді нашар сезініп жатырмын. Неге медқызметкерлердің артынан жүруім керек? Екінші таблетканы да, вирусқа қарсы бірде-бір дәрі маған берілмеді», — дейді Лариса Бельская, фельдшер.

stan.kz