Асқат Жантұрсыновтың америкалықты нокаутқа түсірген видеосы жарияланды

0

 

 

Асқат Жантұрсыновтың америкалықты нокаутқа түсірген видеосы жарияланды

 


АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы, бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Асқат Жантұрсынов (3-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Асқат АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында америкалық  Майкл Коронадомен (1-1-2, 0 КО) айқасты. Төрт раундқа есептелген кездесуде Жантұрсынов үшінші раундта қарсыласын сұлатып салды.

Биыл шілдеде кәсіпқой боксқа қадам басқан Асқат осымен үшінші нокаутын тойлады.

Коронадомен кездесудің негізгі сәттерін боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.