Ақтөбеде жыл басталғалы 30 өрт оқиғасы тіркелді

0
101

Апаттық жағадайлардың орын алуына көбіне тұрғындардың өздері кінәлі екен.

Төтенше жағдайлар департаментіндегі жауапты мамандардың айтуы бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34,8 пайызға азайған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Апатты жағдайлардың негізгі шығу себебі тұрғындардың салғырттығынан және қауіпсіздік шаралардың сақтамауынан болып отыр.

«Ақтөбе қаласы бойынша 13 өрт жағдайы тіркеліп, оның тоғызы тұрғын үй секторында, қалғаны автокөліктерде болған. Тұрғын үйлердің бірінде болған өрттің салдарынан төрт адам уланып, пиротехникалық өнімдерді ұқыпсыз пайдалану кезінде бір адамды күйік шалды», — дейді Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/