Психологиялық диагностика | Скачать Материал

0
288

Жоспары

1. Психологиялық кеңес және оның мақсаты мен міндеттері
2. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс түрлері
3. Психологиялық кеңес беру
4. Ата-аналарға психологиялық кеңес
5. ҰБТ-ға психологиялық кеңес
1. Психологиялық кеңес және оның мақсаты мен міндеттері

Қазіргі кезде көптеген елдер психолгиялық қызметті мектеп
қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психолгиялық қызмет
көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психолгиялық қызмет көрсету
дәстүрі кеғінен қалыптасып келеді.Психолгиялық қызмет ерте құрылған
мемлекеттер тәжірбиесін жан – жақты зерттеудің мән мағынасы өте тернең
болып отыр.Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың
мазмұның зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психолгиялық
қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психолгиялық қызметтің мақсаты мен
мазмұнын анықтауға Ресей , Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірбиесі мол
мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірбиесін ,
теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан – жақты талдау
үстіндеміз.
Психолог қызметі – педагогикалық ұжымы мен оқушылардың психикалық
және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.
Лауазымдық міндеттері:
– оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға
бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады;
– болашақ кәсібіне бейінділігін анықтауға бағытталған жұмыстар
жүргізеді;
– оқушылардың жеке басы мен әлеуметтік мәселелеріне арналған
педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық
қорытынды шығарады;
– дарынды және үлгермейтін оқушылармен іс-шаралар ұйымдастырады;
– педагогтердің , ата-аналардың, әлеуметтік педагогтің құзырын
жоғарылату үшін, психологияны практикада қолдану мәселелері бойынша
педагогтерге кеңес береді;
– әр түрлі бейінді мақсатта психологиялық диагностика жасайды, ауытқу
дәрежесін анықтайды, психо-педагогикалық түзету жасайды.
Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты: мектептің білім беру
ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық
даму үдерісін басқару.
Психологиялық қызметтің міндеттері
1. Оқытудың түрлі кезеңдерінде оқушылардың психологиялық даму
нәтижелерін бақылап отыру.
2. Оқушылардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету
үшін жағдай жасау.
3. Ішкі мектептік білім беру бағдарламасына және технологияларына,
олардың сол мектептің оқушыларының индивидуалды және жастық ерекшеліктеріне
сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды жүзеге асыру.
4. Мектептің білім беру ортасында балалардың оқу, тәрбие және даму
үдерістеріне кеңес беру және ақпараттық психологиялық қолдау көрсету.

2. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс түрлері

Педагогтармен жұмыс
Тұлғаның психодиагностикасы.
Психологиялық ағарту жұмысы.
Оқушылардың білім алу мәселесіне бағдарланған жұмыстың түрлі
формаларына қатысу (қажет болғанда және өз бастауымен).
Оқушылардың оқу, тәрбие және дамуына бағытталған, педагогтармен бірге
психологиялық және педагогикалық бағдарламаларды жүзеге асыру.
Сынып сағатына, ата-аналар жиналысына психологиялық құралдар таңдауға
көмектесу.
Жас мамандармен жұмыс: жаңа кәсіби жағдайға және жаңа ұжымға
психологиялық бейімделуіне көмек көрсету.
Оқушыларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау.
Нақты баламен педагогикалық қарым-қатынас орнатуында қиындығы бар жеке
педагогтармен психологиялық-әдістемелік жұмыс

Ата-аналармен жұмыс

Жанұялық тәрбие стилін анықтау.
Балаларды тәрбиелеу және психологиялық дамуы мәселелері бойынша ата-
аналарға кеңес беру.
Психологиялық ағарту және профилактика (дәріс, әңгіме, әдебиеттер
ұсыну).
Түзету және дамыту жұмыстарына қатыстыру.
Психологиялық диагностиканы жүргізу қорытындысы бойынша
ақпараттандыру.

Психологиялық диагностика

Балалармен:
– балаларды мектепке дейінгі жаста психологиялық зерттеу;
– балалардың оқуға психологиялық дайындығын диагностикалау (1,5,9
сыныптар);
– мектепке дезадаптация себебін (әлеуметтік, индивидуалды және т.б.)
диагностикалау.
Ата-аналармен:
– бала және ата-ана қатынасын диагностикалау;
– сауалнама жүргізу.
Педагогикалық ұжыммен:
– нақты сұраныс бойынша педагогикалық ұжыммен сауал жүргізу;
– психологиялық сауалнама жүргізу.
3. Психологиялық кеңес беру
Балалармен:
– 7-17 жас оқушыларының мектептік дезадаптация сұрақтары бойынша (оқу
және мінез-құлық мәселелері);
– мектепке дейінгі жаста балалардың психологиялық дамуы бойынша;
– жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби кеңес беру;
– отбасылық кеңес беру.
Ата-аналармен:
– баламен өзара қарым-қатынас сұрақтары және тәрбие (оқыту) сұрақтары
бойынша;
Педагогикалық ұжыммен:
– мектептік және әлеуметтік дезадаптация сұрақтары бойынша;
– тұлғалық және кәсіби мәселелер бойынша.
Түзету-дамыту жұмысы
Балалармен:
– бала, мұғалім, ата-ана сұранысы бойынша жеке психологиялық сабақ
жүргізу;
– модельдеу жобалары бойынша дамытушы сабақтарды жүргізу;
– 1-сынып оқушыларын оқуға бейімделудің психологиялық-педагогикалық
бағдарламасын жүргізу;
– 5-сыныптарда бейімделу-дамыту ортасын қалыптастыру бойынша
психологиялық-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;
– жеткіншектердің өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін
белсендендіру бойынша сабақтар жүргізу;
– бала және ата-ана дамытушы сабақтары.

Психологиялық ағарту – психологиялық мәдениетті көтеру
Оқушылар
– психология сабақтары;
– сыныптан тыс іс-шаралар.
Ата-аналар
– жиналыс, семинар.

Педагогтармен
– семинар, конференция, дөңгелек үстел

4. Ата-аналарға психологиялық кеңес

Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе,
оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп
айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның
психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан
балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның
қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл
аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-
көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологаялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр
өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары
шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді
де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың
көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына,
тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен
шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін,
бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер
тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап
болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып
табылады.
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты
үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады.
Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-
жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық
тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы
жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар
мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен
қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің
зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай
жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.

… жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz