Баласын сүремен ұйықтатқан Байзақова жұртты таңғалдырды (видео)

0

Айжан Байзақова ел күтпеген мәлімдеме жасап, өз оқырмандарын таңғалдырды. Атышулы ару баласын Құран сүресін қосып ұйықтататын болып шықты. Ол діни әуендерді тыңдағанда ұлының ұйқысы жақсы болатынын мойындады деп жазады NUR.KZ.

Мүлде дінге сенбейтін адам ретінде танылған жас ана ұлының тек қана сүрелерді тыңдап ұйықтайтынын айтты.

Ол әдетте түнімен мазасызданып шығатын баласының енді ұйқысы тынышталғанын жеткізді.

https://www.instagram.com/p/Bsxt-16lX9-/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Байзақова оған діни әуендер әсер етсе керек деген ой түйді.

«Маған сағат 1:20 шамасында, «ұлыңа сүре қойып бер» деп айтқан. Оны тыңдатып жатқызған соң ұлымның ұйқысы жақсы.

Әдетте қарны ашып, мазасызданып оянып кететін ол әлі тәтті ұйықтап жатыр. Бұл сәйкестік пе, әлде сүрелердің расымен әсер етуі ме, білмеймін.

Егер ол.таңғы алтыға дейін осылай жақсы ұйықтайтын болса, мен оған күнде сүре қойып беруге әзірмін. Мен өзім дінге сенбейтін адам бола тұра, ұлым сүре тыңдап ұйықтағаны өте қызық» , – деді Байзақова

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз