Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде науқастарға лейкопластырь орнына скотч қолданған
Ақтөбе қаласындағы ауруханалардың бірінде онкологиялық ауруға шалдыққандарға лейкопластырь орнына скотч берілген, деп хабарлайды Arbat.media.
Өз шағымын өңір тұрғыны әлеуметтік желіде білдірген.
Мен онкологиялық есепте тұрмын. Анализ тапсырған соң ине ізі қалған орынға лейкопластырь жапсыруы тиіс. Бірақ бөлім мен емханада лейкопластырь жоқ. Оның орнына кәдімгі скотч басып берді. Ал біз онкологиялық дертке шалдыққандарға миллиондаған қаржы бөлінетінін білеміз, — деп жазылған шағымда.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізген.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жанындағы Медициналық орталық әкімшілігінің хабарлауынша, наурыз айында онкологиялық дертке шалдыққандардың жағдайын білу мақсатында кең көлемде қайта тексеру жұмысы жүргізілген. Сондықтан сынама алу саны артқан. 30 наурыз күні кейбір медициналық құрал, атап айтқанда лейкопластырь таусылып қалған. Құралға қосымша сұраныс берілді. Ресми жеткізуші қажетті затты үш күнде жеткізіп беруге келіскен, — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.
фото: 3476700.ru