Ақмола облысында түлектер мектептің 90 жылдығын ұйымдастырды

0

2018 жылғы 4 желтоқсан 17:13 103

 Ақмола облысында түлектер мектептің 90 жылдығын ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ақмола облысында түлектер мектептің 90 жылдығын ұйымдастырды.

Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының хабарлайынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ауыл — ел бесігі» жобасының аясында Жақсы ауданының Алғабас мектебінің әртүрлі жылдардағы 80-нен астам түлегі туған оқу орнының 90-жылдығына орай волейболдан және қазақ күресінен спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Ойынға Атбасар және Жақсы аудандарынан 16 команда қатысты. Ұйымдастырушылардың өздері 400 мың теңге көлеміндегі жүлде қорын құрды.

Мерекеге сондай-ақ әр жылдары осы оқу орнында жұмыс істеген отыздан астам педагог шақырылды.

Қазақ күресі бойынша жарыста 82 кг салмақ дәрежесінде 1-ші орынды Атбасар ауданы Бастау ауылынан Нұрлан Рауят жеңіп алды. Ал 66 келіге дейінгі салмақта Алғабас ауылынан Мақсат Мухамадиев жеңіске жетті. Жақсы ауданының Жаңақийма ауылынан келген Жандос Сейтен абсолюттік категорияда жүлдегер атанды.

Волейболдан атбасарлықтар жақсы нәтиже көрсетіп, барлық үш жүлделі орынға ие болды.

«Үздік шабуылшы» атағы «Алғабас — 2» командасынан Айнабек Мұқановқа, ал «Үздік ойыншы» атағы «Алғабас — 1» командасынан Әділет Қабдешовке берілді.

«Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуы мерейтой салтанатының тағы бір маңызды оқиғасы болды.

Аудандық және ауылдық әкімдіктер «Нұрқад» ЖШС-ның қолдауымен мектепке мультимедиялық жабдық пен лазерлік принтер сыйлады.

Жылылық, қамқорлық және махаббат — балалармен жұмыс істеудің басты принциптері. 2011 жылдан бастап Есіл және Сандықтау балалар үйлерінің мұғалімдері мен ауыл тұрғындарының патронаттық тәрбиеге алған балалары білім алуда.

«Жақында ғана біз мына тұрған парталарды оқушы болып отырған едік, енді барлығымыз ересек адамдармыз. Барлығының тағдыры әртүрлі, өмір жолдары бөлек, бірақ бізді әрқашан біздің мектебіміз біріктіреді» — деп атап өтті мектеп түлектерінің бірі Жұмабек Мұқашев.

Айта кететін мәселе, мектептің бұрынғы оқушылары келесі жылы ауылға баратын жолды жөндеуді жоспарлап отыр

Ақмола облысында түлектер мектептің 90 жылдығын ұйымдастырды 
Ақмола облысында түлектер мектептің 90 жылдығын ұйымдастырды