Астанада 5 желтоқсанда ауа райы қандай болады? — Ел жаңалықтары

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада 5 желтоқсанда күн бұлтты болады. Түнде тұман түсіп, шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -12…-14 °C, күндіз -8…-10 °C.

6 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -19…-21 °С, күндіз -14…-16 °С көрсетеді.

Жұма, 7 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынды болады. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22…-24 °C, күндіз -17…-19 °C болады.