Домой Жаңалықтар «Аманат» партиясының логотипі жарияланды

«Аманат» партиясының логотипі жарияланды

0
215

«Аманат» (бұрынғы «Нұр Отан» партиясы) партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның жаңа логотипін жариялады.

Еске салайық, кезектен тыс съезде «Нұр Отан» партиясының атын Аманат деп өзгерту ұсынылған болатын. Бұл ұсынысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Оның айтуынша, елдегі реформалармен қатар партия да жаңарып, ұйым қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру үшін оның сипаты мен атауын өзгерту қажет.

– Аманат – халқымыздың мәдениетінде ерекше терең ұғым, ол ата-бабамыз аманат етіп қалдырған тәуелсіздіктің өшпес мұраттарын, тұғырлы мемлекеттілік құндылықтарын, ұлттық бірлікті, туған жеріміздің ұлан-ғайыр кеңістігін білдіреді. Біз осы баға жетпес мұраны көздің қарашығындай сақтауымыз және нығайтуымыз керек. Бұл өткен және болашақ ұрпақ арасындағы біздің қасиетті парызымыз, – деді Тоқаев.

Асхат Оралов тәуелсіз елдің ата-баба аманаты екенін айтып, оны сақтап қалудың үлкен жауапкершілік екенін еске салды. Сондай-ақ, Аманат партиясының халық мұрасын сақтаушы партия екенін жеткізді.

– Біріншіден, AMANAT – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия. Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты. Осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік. Екіншіден, AMANAT – халық мұрасын сақтаушы партия. Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы. Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның ірі міндеттерінің бірі.