“Беті өте қымбат адамдардың қатарына жатамын” — Айнұр Тұрсынбаева

0

Айнұр Тұрсынбаева беті өте қымбат адамдардың қатарынан жататынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Caravan.kz  порталына сілтеме жасап.

“Жалпы мен беті өте қымбат адамдардың қатарына жатамын. Өте құрғақ, үнемі бетімді ылғалдандырып жүремін”, — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Кейін айтыскер ақын «Жалпы беті өте қымбат деген қалай кетті», — деп өз сөзін әзілге айналдырып жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Айнұр Тұрсынбаева келіншектерге 28 күн бойы ұрыспай жүруге кеңес берген болатын.