Алматылық әйел 12-қабаттан секіріп кетті
Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда суицид жасағаны туралы хабарлама тарады. Хабарламада Ақсай шағын ауданындағы көпқабатты үйдің 12-ші қабатынан қыз секіріп кеткені айтылған.
Алматы полициясы оқиға туралы ақпаратты растады. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тіркеген.
Осы сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.instagram.com/p/CXGcC0its_L/