Алматыда жаппай апат кезінде науқасты әкеле жатқан «жедел жәрдем» аударылды – фото

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті – науқас пен жедел жәрдем фельдшері, сонымен қатар автокөліктердің бірінің жүргізушісі

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Жексенбі күні кешкісін Алматыдағы Құлжа трассасының бойында экобекетке  жетпей, жаппай жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 автокөліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Алда кептеліс пайда болып, Maxima тоқтайды. Ал Lexus арнайы жолаққа шығып кетеді, бұл кезде науқас мінген жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан.


©
Sputnik / Стрингер.

Лексус арнайы жолаққа шығып, жедел жәрдем көлігіне соқтығысты

Жедел жәрдем жүргізушісі апатты болдырмауға тырысқан, бірақ қолынан келмеді. Салдарынан Lexus жедел жәрдемге бар жылдамдықпен соқтығысты. Арнайы көлік аударылып қалып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін соғып кетті.


©
Sputnik / Стрингер.

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті

Апат салдарынан үш адам зардап шекті: жедел жәрдем көлігінде болған науқас пен фельдшер және Lexus жүргізушісі.

Үшеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.


©
Sputnik / Стрингер.

Жаппай жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып кетті

Апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері шақыртылды.   



sputniknews.kz