Алматыда екі жастағы бала терезден құлап кетті – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Алматыда екі жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Бұл туралы қалалық ТЖД мәлімдеді. 

«Алайда балалардың терезеден құлау фактілері әлі де жалғасуда. Жыл басынан бері Алматы қаласында осындай үш жағдай тіркелді. Оның бірі кеше 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде болды. Алмалы ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеде москит торына сүйеніп тұрған 2018 жылы туған бүлдіршін құлап кетті. Бала жабық ми жарақатымен балалар ауруханасына жеткізілді. Баланы үйде отырған ата-аналары бір сәтке көзінен таса қылған», – делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса департамент өкілдері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар кеңестер айтты: 

балалар 12,5 см ашық тұрған терезеден құлап кетуі мүмкін;

терезеге оның кең ашылуына жол бермейтін бекіту құрылғысын орнатыңыз;

балаларға терезелерден алыс ойнауды үйрету керек;

балаларды үнемі бақылауда ұстау қажет;

терезедегі москит торлары өте әлсіз болады: – терезелердің жанына жиһаз қоймаңыз.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда балалар оқыстан көз жұмбауы үшін терезеге қойылатын темір торға қатысты талаптарды қатаңдататыны жайлы айтылған еді. 


Қарағандыда бір жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз