Жердегі тіршіліктің пайда болуының жаңа себебі аталды – Қазақстан жаңалықтары

0
14
Advertisement

Халықаралық ғалымдар тобы ірі астероидтің құлауын өмірдің пайда болуының ықтимал себебі деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 жер

Мұндай қорытындыға зерттеушілер кратерде Чикшулуб (Чиксулуб) бактериялардың өміріне сай келетін гидротермалдық жүйенің іздерін тапқан соң келді. Зерттеушілер мақаласы Science Advances журналында жарияланған.

Экспедиция 66 миллион жыл бұрын пайда болған Чикшулуб кратері сақинасының ауданындағы теңіз түбінен 1335 метр тереңдікте жаңа ұңғымаларды бұрғылап, алынған жыныстардың химиялық және морфологиялық құрамын зерттеді. Кратерде жүздеген текше шақырымнан астам жер қыртысының химиялық түрленуіне ықпал еткен кең гидротермалдық жүйе болғандығы белгілі болды. Бұл Йеллоустон кальдерлерінің көлемінен тоғыз есе артық.

Гидротермалдық көздердің температурасы 300-400 Цельсий градусқа жетті, ал жүйенің өзі миллион жылға жуық уақыт өмір сүрген. 

Ғалымдардың пікірінше, миллиардтаған жыл бұрын осыған ұқсас апат алғашқы микроорганизмдердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Соққы нәтижесінде пайда болған гидротермиялық жүйелер тірі жасушаларды құрайтын химиялық заттар мен белоктардың синтезделуіне жағдай жасады.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз