Солтүстік Кореяда коронавирустың кесірінен ауқымды дағдарыс басталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Солтүстік Корея, әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірі, коронавирус пандемиясына байланысты ауқымды экономикалық дағдарысқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times сайтына сілтеме жасап.

Ким Чен Ын

Daily NK ақпарат агенттігі мен Fitch рейтингтік агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян 17 жыл ішінде алғаш рет облигациялар шығаруға дайындалуда. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын бай жергілікті элиталарға облигацияларды сатып алуды талап етеді және сол арқылы ел бюджетінің 60 пайызын қаржыландыруға шетел валютасын тартуды жоспарлап отыр, деп жазады Financial Times сарапшыларға сілтеме жасай отырып. Американдық сыртқы саясатты зерттеу институтының қызметкері Бенджамин Силберштейннің айтуынша, үкімет облигацияларды сатып алуды режимге деген адалдықтың көрінісі деп санайды.

Вена университетінің Солтүстік Корея бойынша сарапшысы Питер Уорд: «Облигациялар шығару» санкциялар мен вирустың салдарынан өте үлкен қаржылық проблемаларға тап болып отырғандығының алғашқы нақты белгісі», дейді. Ол мұндай облигациялардың иелеріне қарыз қаражатын қайтаруға кепілдік жоқ деп қосты.

Fitch рейтингтік агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның экономикасы 2020 жылы 6 пайызға құлдырайды. Елдегі экономикалық құлдырау 2018-2019 жылдары басталып, санкциялар мен бірқатар құрғақшылықтың салдарынан туындаған жағдайды ушықтырады.

stan.kz