Алматы облысында ер адам мен әйел мұз астына түсіп кетті – Қазақстан жаңалықтары

0
24

Алматы облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыларды шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мұз

Төтенше жағдай Қарасай ауданында, «К-30» су айдынында болды. Балық аулау кезінде адамдар мұз астына құлап кеткен, бұл туралы хабарлама кезекші пультіне 3 наурызда сағат 15.34-те келіп түсті.

Балықшыларды құтқару үшін оқиға орнына Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің, Қаскелең қаласының № 9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жетті.

Құтқарушылар 32 жасар ер адамды және 26 жастағы әйелді судан алып шықты.

«Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, Қаскелен аудандық ауруханасына жеткізілді», – деді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өңірде ауа температурасының оң болатындығы байқалды, сондықтан облыстың барлық су қоймаларында мұз ери бастады. Құтқарушылар өңір тұрғындарына судағы және мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы еске салды және әлсіз көктемгі мұздың бетіне шықпауға кеңес берді .

stan.kz