Коронавирус тағы 8 елге енген — Қазақстан жаңалықтары

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте Қытайдан тыс жерде жаңа коронавирус жұқтырудың 1,7 мыңнан астам жаңа жағдайын тіркеді, жұқтырғандардың жалпы саны 10 мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ұйымның веб-сайтында жарияланған ақпаратта соңғы 24 сағат ішінде 1792 жаңа инфекция тіркелген, Қытайдан тыс жерде жұқтырылған адамдардың саны 72 елде 10 566-ға жеткен. Қайтыс болғандар саны 166-ға дейін өсті (күніне 37).

Вирус тағы сегіз елге, соның ішінде Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалға таралды.

ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, материктік Қытайда жұқтырғандар саны 80 304, 2946 қайтыс болды, әлем бойынша коронавирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны — 90 870 адам.

ДДҰ сонымен қатар ай сайын коронавируспен күресу үшін 89 миллионға жуық медициналық маска қажет деп санайды.

«Тексеруге арналған қолғапқа келетін болсақ, бұл көрсеткіш 76 миллионға жетеді, ал қауіпсіздік көзілдірігіне әлемдік сұраныс айына 1,6 миллион жұпты құрайды», — делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.

 

 

 

 

stan.kz