Абай Бегей келіншегі мен жетінші баласын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

0

Отандық әнші Абай Бегейдің жақында жетінші баласы дүниеге келген болатын. Өнер иесі келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.  Бұл жайлы Абай Бегей Instagram парақшасында бөлісті. 

Видеодан әншінің жұбайын перзентханадан шығарып алу үшін бір құшақ гүлімен, шарлармен және туған-туысымен, ересек балаларымен келгенін көруге болады. Кейінірек әнші жақындарының басын қосып, қымызханада дастархан жайған. Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей бірнеше күн бұрын ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей бірнеше күн бұрын ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.