Трамп Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізді: Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алексей Луценко Азия ойындарында бесінші рет чемпион атанды

Алексей Луценко Азия ойындарында бесінші рет чемпион атанды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алып, құрлықтық додадағы бесінші чемпиондығына қол жеткізді.

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Спортшы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы жекелей сында үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды салды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Луценко жарыс барысында 41 минут 24,05 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Осылайша қазақстандық спортшы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл – Қазақстан құрамасының Жапониядағы Азиадада жеңіп алған екінші алтын жүлдесі. Ал Алексей Луценко үшін бұл Азия ойындарындағы бесінші чемпиондық атақ болды.

Велошабандоз бұған дейін де құрлықтық додада бірнеше рет топ жарған. Ол 2014 жылы Инчхонда, 2018 жылы Джакартада және 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында жалпы төрт алтын медаль жеңіп алған.

Осы жолғы жеңісімен Луценко Азия ойындарындағы алтын жүлделер санын беске жеткізді.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Биылғы құрлықтық дода «Imagine One Asia» («Біртұтас Азияны елестет») ұранымен ұйымдастырылып отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.