230 мың теңге: Сұлтанов Астанада орташа жалақыны атады — Ел жаңалықтары

0

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қалалықтардың орташа жалақы мөлшері қанша екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы 1998 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі 12,8 пайыздан 4,5 пайызға дейін төмендеген. Бұл — республикадағы ең төменгі көрсеткіш. 

«Егер 20 жыл бұрын орташа айлық мөлшері 10 мыңға да жетпейтін болса, бүгінде 230 мың теңгеден асады», — деді Сұлтанов қала активімен өткізген жиналыста. 

Әкім әлеуметтік инфрақұрылым ауқымды жобасының құрылысы аясында 20 жылда 20-дан аса республикалық және қалалық денсаулық сақтау нысандары және 30-дан аса балабақша мен мектептер салынғанын атап өтті. 

Әкімнің айтуынша, осы жылдардың аралығында қала көлемі 3 есе ұлғайған, тұрғын үй құрылысы 19 есе көбейген, халық саны 4 есе көбейді. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz