Дизель, қайда барасың?

0
889

Кейінгі 3-4 айда дизель отынына тапшылық болуы мүмкін деген мәселе белсенді талқыланды.

Көптеген жанармай құю стансасында дизель жоқ, ал дизель бар жерлерде сатудан рекордтар орнап, баға белгілері күн сайын дерлік өзгеріп жатыр.Қазір ірі желілердің өзінен дизель құйып алу қиын.

22 қыркүйекте Түркістан облысы мен Шымкент қаласының отын бөлшек саудасына қатысушылардың қатысуымен үлкен баспасөз конференциясы өтті. Кәсіпкерлердің негізгі табыс көзі осы болғандықтан, олардың жағдайға алаңдап отырғаны әбден түсінікті. Сіз «зауыттарды жаңалау жұмысы сәтті аяқталып, олар толық жұмыс істеп жатыр емес пе, тапшылықтың нақты себебі не» деп сұрайтын боларсыз?

Жауабымды ретімен баяндайын. Дизель нарығында осы жылдың көктемінде ықтимал тапшылық сезілді. Сол кезде ел нарығына бензин жеткізуде іркілістер басталды. Ол немен байланысты? Электр энергиясы қаңтардың басында жоғалып кетті де, кейін Атырау мұнай өңдеу зауытына тұрақты, кейде ұзақ үзілістермен беріле бастады. Мұның себебі, сол кезде айтылғандай, «KEGOC»АҚ магистральді желілеріндегі апат болды. Кезектен тыс жөндеу жүргізілуінің нәтижесінде, мамыр айының басында зауыттың технологиялық жабдықтарының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік туды.

Дегенмен Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіруге тиіс 130 мың тонна АИ-92 бензині мен 240 мың тонна дизель отыны шығын болды. Әрі қарай кеттік. Біз жанармайымыз әлемдегі ең арзан отынның бірі екенін мақтан тұтамыз. Арзан отын факторы, тұтынушы үшін де (автокөлік иесінің қалтасына салмақ салмайды), өнеркәсіп үшін де (қазақстандық тауар өндірушілердің өндірістік шығындары көрші елдерге қарағанда төмен) өте жақсы. Алайда, осы орайда айта кету керек, ел ішіндегілер ғана емес, барлық қолжетімді күштер мен құралдары арқылы отынды сыртқа әкетіп жатқан, «бізге қызғана қарайтын» барлық елдер де біздегі арзан отынға көз тігіп отыр. Шекараға жақын жанармай құю бекеттерінде кейбіреулер сыйымдылығы 2-4 тонналық ауыр жүк көліктерімен, одан қулау біреулер бензовоздармен «толық бак» жасап алып, олжа тауып жүр.

Өзбекстаннан Ресейге ағылып жатқан транзит жүк көліктерін айтпай-ақ та қояйын. Олар отынға кетер шығындарын үнемдеу үшін Қазақстаннан екі рет (Түркістан облысына кіргенде және Батыс Қазақстаннан шыққанда) жанармай құйып алады. Қайтар жолында тағы да солай бактарын толтырады. Осылайша, ай сайын белгілісіз «сұрғылт» адамдар мен транзит жүк көліктеріне 30-50 мың тонна дизель кетіп жатыр және осы нәрсе қазіргі тапшылықтың маңызды себебі болып отыр.  Әрі қарай. Қазанда Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы, бұрын кейінгі шегеріліп келген жөндеу жұмысы басталады.

Жөндеу мерзімін 2022 жылға ауыстырудың барлық мүмкін нұсқалары зерттелгенімен, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы ауыстыруға болмайтынын көрсетті. Айтпақшы, ол зауыт 1,5 жылға жуық жұмыс қалыпты жөндеусіз істеп келе жатқанын болатын. Яғни, осыдан кейін қазақстандық нарықтағы дизель отынына байланысты жағдай да күрделенуі ықтимал. Бұдан шығар жол қайсы? Шығар жол біреу – бөлшек сауда бағасын босату керек. Нарықтағы бағаларды нарық қалыптастыруы керек. Ал қазір нарық дегеніміз Қазақстан үшін ел шекарасы ғана емес, оған Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан секілді көрші мемлекеттер кіріп отыр. Қазақстандық нарықты қорғау бойынша қандай шаралар қабылданса да, төмен баға жағдайында – ағысты тоқтату мүмкін емес. Ықтимал тапшылықтың себептерінің бірі – елдегі бағаны тежеу тетігі болып отыр. Ал бұл тетік ел экономикасында мұнай өңеркәсібінің оңтайлы динамикасын ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін (мұнайға жоғары экспорттық баға мен шикізат экспортының елеулі көлемі кезеңінде) жұмыс істеген болатын. Қазақстанда жанар-жағармай бағасының төмен болуы:

1. елдегі мұнай өндіру экономикасын 0%-ға дейін азайтады;

2. көршілеріміздің отын бизнесі мен жүк тасымалдау нарығын дамытады;

3. Қазақстандағы бөлшек отын нарығын дамытуға мүмкіндік бермейді.

Көптеген шенеуніктің айтуы бойынша, отын бағасы тұрақты болғандықтан елдегі тұтыну тауарларының бағасы жыл басынан бері 30-40%-ға өсті. Яғни, елімізде, жанар-жағармайдан басқа, барлық тауарлардың бағасы өсті. Бірақ елдің ішкі отын нарығын тұрақтандыру үшін отынға деген бөлшек сауда бағаларын көтеру және оларды шектес нарықтардағы бағалармен жақындастыру – аса қажет шара болып тұр.

Автор: Ерлан Жаукин

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/author_news/dizel-kajda-barasyn