Белгородтағы тұрғын үйдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 12-ге жетті

0

Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамның денесін шығарды. Оның екеуі бала. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үш адамның мәйіті табылған соң, тағы бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды.

“Белгородтағы үйінді астынан барлығы 12 адамның денесі табылды”, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай министрлігі бұған дейін бір адамның құтқарылғаны туралы хабарлаған еді. Ол 6 сағат бойы үйінді астында жатқан. Оның даусын құтқарушылар кезекті бір минут тыныштық кезінде естіп қалған.

Бұған дейін Украина Қарулы Күштерінің снаряды Белгородтағы тұрғын үйді қиратыпкеткен еді.