Жапон ғалымы АЭС салу үшін халықтың сенімі маңызды екенін айтты

0

«Студия 7» бағдарламасына сұхбат берген жапондық физик-ядрошы ғалым Тацухиро Сузуки атом электр стансасы бар елдер ұстануы керек 5 негізгі қағиданы атап өтті.

«Атом электр стансасы салуда біріншіден мүмкін емес нәрселер туралы ойлаңыз. Сіз күтпеген нәрселерге дайын болуыңыз керек. Соның өзінде сіз бәрінің өзіңіз ойлағандай жақсы болатынын болжай да алмайсыз.

Екіншіден сізге станса жұмысын тәуелсіз реттеуші керек. Фукусимодағы жағдайға дейін Жапонияда атом өнеркәсібі реттеуші орган міндетін атқарды. Қазір бізде тәуелсіз реттеуші бар. Қалған механизмнің барлығы сол баяғы күйінде қалды. Бұл реттеуші орган тәуелсіз әрі күшті болуы керек.

Үшінші сабақ, тәуекелді бағалауда оның текникалық факторымен бірге әлеуметтік, саяси астарын да ескеру қажет. Және қоршаған ортаны қорғау мәселесі де назардан тыс қалмағаны жөн.

Төртінші сабақ, сенім деп аталатын кілт сөзді ұмытпаңыз. Жапонияда біз халықтың сенімін жоғалттық. Оны қайта қалпына келтірмейінше атом энергиясына қатысты ешқандай да жаңа саясатты жүзеге асыруға келісім берілмейді. Сол үшін де халықтың сенімі негізгі фактор болып қала береді.

Бесінші сабақ, сіздерге халықаралық бақылау мен халықаралық серіктестік қажет. Фукусимадағы апат кезінде біз әлемдегі ең үздік тәжірибелерді жинауға тырыстық. Бұл бағытта сіздерге де дана шешім қажет», – деді ғалым.