«15 жылға қамаймыз деді»: Қалаулым қатысушысы Бердах халықтан араша сұрады

0
12207

Халқының жанашыр ұлдарының бірі Бердах Бекетов жазықсыз екенін айтып халықтан араша сұрады, деп хабарлайды kznews.kz сайты сaravan.kz порталына сілтеме жасап. 

Қаңтар айының 4-ші жұлдызында бейбіт шеру басталып, арты лаңкестік әрекетке ұласқан болатын.

Бердах Бекетов өзінің жазықсыз, кінәсіз екенін жазып, хат жолдады.

Хатты қарындасы Перизат желіде жариялап, көпшіліктен көмек сұрады.

«Бір өліп тірілгендеймін. Мұндайды жасыра алмаспыз. Сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мені танитын менің отбасымды танитын тілекшілер Бердахқа араша түсіңіздерші!
Адамның күні адаммен ғой. Бердах кінәлі емес! Ол елдің баласы», – деп жазды қарындасы Перизат Бекет инстаграм желісіндегі парақшасында.