Домой Басты тақырып Тоқаев жыл соңында партиядан кете ме?

Тоқаев жыл соңында партиядан кете ме?

0
364

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың соңына қарай Nur Otan партиясының төрағасы қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Еліміз өз дамуының өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсініп, Nur Otan партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды топтастыру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайын екенімді білдіреді. Бұл ретте мен мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету», — деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс cъезінде.

Тоқаевтың сөзіне қарап, «Nur Otan» партиясының төрағалығынан жыл соңында кетуі мүмкін екенін және президенттің қандай да бір партияны басқармауы қажеттігін түсінуге болады.