Мамин мен Сағынтаев «Nur Otan» партиясының саяси кеңес құрамына енбеді

0
533

28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының онлайн өткен съезінде партияның саяси кеңес құрамы бекітілді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Оған 92 адам енген. Бұл жөнінде партияның сайтындағы хабарламада айтылған.

Саяси кеңеске мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, кәсіпкер Болат Өтемұратов енбеген. Кеңес құрамына президент Тоқаев, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, парламент депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Нұртөре Жүсіп тағы басқа адамдар енген.

Тізімде алғаш рет премьер-министр мен бірде-бір министр және әкімнің аты-жөні жоқ.

«Жалпы партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды» делінген партия хабарламасында.