1,2 млрд теңге: Нұр-Сұлтан білім басқармасы 120 мың тұратын ноутбукты 200 мың теңгеден алған

0
2431

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы отбасыларға таратылған Dell ноутбугын қалалық білім басқармасы 200 мың теңгеден сатып алған. Жалпы саны 5398 дана болатын ноутбуктың нарықтағы бағасы 100 мың теңгеден 120-130 мың теңге аралығында. Бұл туралы әлеуметтік желіге Гүлбану Әбенова жазды.

Басында Best buy 01 ЖШС-мен 1 миллиард 187 миллион 560 мың теңгеге диагоналы 14 дюймды әлемдік брендтегі ноутбуктарды жеткізуге келісімшарт жасалды.

Жалпы саны 5398 дана, біреуінің бағасы 196 428 теңге.

Бірақ содан кейін олар 14 диагоналды ноутбукты қоя алмайтынын, бірақ орнына диагоналы 11,6 дюймды бағасы 200 000 теңге болатын техниканы жеткізетінін жазған.
Ал білім бөлімі келісім береді.

Қыркүйек айында диагоналы 11,6 дюймддік Dell ноутбуктарына арналған келісімшарт жасалды. Жалпы саны 5400 данаға жуық техниканың бір данасы 200 мыңнан алынған.