Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«ROAD TO ASTANA 2027»: әлем чемпионаты туының өңірлерге сапары аяқталды

«ROAD TO ASTANA 2027»: әлем чемпионаты туының өңірлерге сапары аяқталды
Фото: Ұйымдастыру комитеті

Үстел теннисінен 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» жобасының қорытынды өңірлік кезеңі өтті. Енді жарыстың ресми туы эстафетаның соңғы аялдамасы – елордаға жеткізіледі.

ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионаты 2027 жылғы 22–30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.  Осы дода қарсаңында ұйымдастырылған «ROAD TO ASTANA 2027» спорттық-мәдени жобасы үстел теннисін насихаттап, тұрғындарды алдағы жарыспен таныстыруды көздейді.

Әлем чемпионатының ресми туының сапары 2026 жылғы мамырда Лондоннан басталған. Қазақстан келесі әлем чемпионатын қабылдайтын ел ретінде туды салтанатты түрде қабылдап алды. Кейін ол Астанаға жеткізіліп, одан әрі өңірлерді аралауға аттанды.

Эстафетаны 4 қазанда Өскемен, 11 қазанда Көкшетау, 18 қазанда Ақтөбе қабылдады. Ал 25 қазанда Түркістанда жобаның қорытынды өңірлік фестивалі өтті. Фестивальдің басты оқиғасы әлем чемпионатының ресми туын салтанатты түрде таныстыру рәсімі болды. Спорттық бағдарламада үстел теннисінен көрсетілім ойындары, шеберлік сабақтары мен командалық жарыстар ұйымдастырылды.

Қатысушылар Рахат Полатхановтың шеберлік сабағында ойын тәсілдерімен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Студенттер мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері командалық сайыстарда бақ сынады. Келушілерге де арнайы ойын алаңдарында өз шеберлігін байқап көруге жағдай жасалды.

«ROAD TO ASTANA 2027» жобасы спортпен қатар Қазақстан өңірлерінің тарихын, мәдениеті мен табиғатын таныстыруды да қамтиды. Сапар барысында түсірілген материалдар әлем чемпионаты туының Қазақстанды аралауына арналған деректі бейнешежіреге енеді.

Өңірлік кезеңдер аяқталғаннан кейін ресми ту Астанаға оралады. Ал келесі жылғы мамырда елорда әлемнің үздік үстел теннисшілерін қабылдайды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.