Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды

Тоқаев келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Оның айтуынша, осы бастама аясында облыс орталықтарында, аудандар мен елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеу жұмыстары басталуға тиіс., деп хабарлайды kznews.kz.

Президент жасанды интеллект дәуіріндегі өзгерістерге жауап ретінде құрылысқа басымдық беру қажеттігін атап өтті.

«Осылайша, жасанды интеллект дәуіріне бүкіл халық болып беретін ортақ жауабымыз – құрылыс салу, тағы да қайталап айтамын, құрылыс салу!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Олардың қатарында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары да бар.

Сонымен бірге барлық өңірде шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар бой көтеруге тиіс. Тұрғын үй салу да маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.

Президент Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалғанын еске салды. Оның айтуынша, бұл бастамалардың барлығы ел игілігіне, әсіресе өскелең ұрпақтың болашағы үшін жүзеге асырылмақ.

«Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі