Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев инфляцияны төмендетуді Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті деп атады

Тоқаев инфляцияны төмендетуді Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті деп атады
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының сөзінше, экономикалық саясаттың тиімділігі ең алдымен азаматтардың әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігі арқылы бағалануы керек.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында макроэкономикалық саясатты жүйелі жүргізіп, инфляцияны төмендету қажеттігін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент соңғы жылдары Үкімет бюджет пен салық жүйесін қайта қарағанын атап өтті. Алайда мемлекеттік саясаттың түпкі мақсаты халықтың тұрмысын жақсарту болуы тиіс екенін жеткізді.

«Сондықтан біз үшін ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту. Ол үшін бірінші кезекте инфляциямен жүйелі түрде күресу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бағаның өсуі азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін айтып, инфляцияны халықтың тұрмысын күн сайын әлсірететін үнсіз жауға теңеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта бағаның өсу қарқыны біршама баяулағанымен, инфляция деңгейі әлі де жоғары. Осыған байланысты Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеп, инфляцияны тежеу және төмендету шараларын күшейтуі қажет.

«Инфляцияны тежеп, төмендету қажет. Бұл – аса маңызды міндет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Үкіметке бюджет және салық саясатын байыппен жүргізуді тапсырды. Бұдан бөлек, экономиканың өндірістік әлеуетін арттырып, бизнестің өнімділігін көтеруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптастыру қажеттігін айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.