Бүгін ҚХЛ Жұлдыздар Матчы-2019 басталады

0

Бүгін Қазан қаласында Хоккей жұлдыздарының апталығы – 2019 жылғы Мастер-шоу және ҚХЛ-дің жұлдыздар матчы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2019 жылы Хоккей жұлдыздарының апталығы Қазанда өтетіні жайлы шешім өткен жылы наурыз айында Мәскеуде өткен ҚХЛ Директорлар кеңесінің отырысында белгілі болған. Айта кетерлігі, ол кезде Финляндияның Хельсинки қаласы да бұл айтулы оқиғаны қабылдаудан үмітті болған. 

Бірінші реткі жұлдыздар ойыны 2009 жылдың қаңтарында Мәскеудегі Қызыл алаңда өтті. Содан кейін ретімен Минск, Санкт-Петербург, Рига, Челябинск, Братислава, Сочи, Мәскеу, Уфа қалаларында өтті. Ал 2018 жылғы мерейтойлық жұлдыздар матчын Астана қаласы қабылдаған.

Қазан қаласында «Барыстың» екі хоккейшісі өнер көрсетеді. Оның бірі жас қорғаушы Даррен Диц, ал екіншісі ҚХЛ-да 11-ші маусым қатарынан өнер көрсетіп келе жатқан Роман Старченко. Оны Лиганың өзі жұлдыздар матчына ұсынды.

Бобров Дивизионы

Бапкерлер алқасы: Илья Воробьев (СКА) – Наталья Кларк

Қақпашылар: Юлиус Гудачек («Спартак»,
медиа таңдауы)

Магнус Хелльберг (СКА, Лига (ҚХЛ) таңдауы)

Қорғаушылар: Мэтью Майоне («Динамо» Рига, жанкүйер таңдауы)

Владислав Гавриков (жарақат алған ойыншының орнына)

Сами Леписте («Йокерит», медиа таңдауы)

Илья Зубов (жарақат алған ойыншының орнына)

Шабуылшылар: Линус Виделль («Динамо» Рига, жанкүйер таңдауы)

Никита Гусев (СКА, жанкүйер таңдауы)

Дмитрий Кагарлицкий (ХК «Динамо» Москва, медиа таңдауы)

Вадим Шипачев (жарақат алған ойыншының орнына)

Александр Барабанов (СКА, Лига таңдауы)

Тарасов Дивизионы

Бапкерлер алқасы: Игорь Никитин (ЦСКА) – Евгения Головина

Қақпашылар: Илья Сорокин (ЦСКА, 
медиа таңдауы)

Константин Барулин (ХК «Сочи», 
лига таңдауы)

Қорғаушылар: Якуб Накладал («Локомотив», жанкүйер таңдауы)

Алексей Марченко (жарақат алған ойыншының орнына)

Александр Елесин («Локомотив», медиа таудауы)

Кристиан Хенкель («Динамо» Минск, лига таудауы)

Шабуылшылар: Кирилл Капризов (ЦСКА, жанкүйер таңдауы)

Андрей Локтионов («Локомотив», жанкүйер таңдауы)

Миро Аалтонен («Витязь», медиа таудауы)

Михал Ржепик (ХК «Слован», лига таңдауы)

Эрик О’Делл (ХК «Сочи», лига таңдауы)

Харламов Дивизионы

Бапкерлер алқасы: Зинэтула Билялетдинов («Ак Барс») – Дарья Миронова

Қақпашылар: Якуб Коварж («Автомобилист», медиа таңдауы)

Владислав Подъяпольский («Ак Барс», )

Қорғаушылар: Пол Постма («Ак Барс», жанкүйер таңдауы)

Никита Трямкин («Автомобилист», жанкүйер таңдауы)

Виктор Антипин («Металлург», медиа таңдауы)

Шабуылшылар: Данис Зарипов (жарақат алған ойыншының орнына)

Сергей Мозякин («Металлург», жанкүйер таңдауы)

Найджел Доус («Автомобилист», жанкүйер таңдауы)

Виталий Кравцов («Трактор», медиа таңдауы)

Юусо Пуустинен («Нефтехимик», лига таңдауы)

Стефан Да Коста («Автомобилист», 
лига таңдауы)

Чернышев Дивизионы

Бапкерлер алқасы: Боб Хартли («Авангард») – Мария Басс

Қақпашылар: Юха Метсола («Салават Юлаев», медиа таңдауы)

Игорь Бобков («Авангард», лига таңдауы)

Қорғаушылар: Филип Ларсен («Салават Юлаев», жанкүйер таңдауы)

Даррен Диц («Барыс», жанкүйер таңдауы)

Филип Хольм (жарақат алған ойыншының орнына)

Ян Коларж («Амур», лига таңдауы)

Шабуылшылар: Сергей Широков («Авангард», жанкүйер таңдауы)

Илья Михеев («Авангард», жанкүйер таңдауы)

Антон Бурдасов («Салават Юлаев», медиа таңдауы)

Роман Старченко («Барыс», лига таңдауы)

Никита Михайлов («Сибирь», 
лига таңдауы)

Назарларыңызға осы уақытқа дейінгі жұлдыздар матчының нәтижесін ұсынамыз:



prosports.kz