Ресейде екі Су-34 апатқа ұшырады: Екі ұшқыштың денесі табылды — Жаһан

0

Құтқарушылар екі Су-34 ұшағының апатқа ұшырау салдарынан қаза болған ұшқыштардың денесін тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресейдің Қорғаныс министрлігіндегілердің мәліметінше, ұшқыштар өлі табылған. Ведомство өкілдері құтқару-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Еске салайық, әуе апаты 18 қаңтарда болған еді. Құтқарушылардың бірі сол күні ұшқыштардың бірін тапқан болатын. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz