Баян өз інісін сериалға түсірді (Видео)

0
654

Көпшіліктің көзайымына айналған «Рауза» телехикаясының екінші маусымы қылмыс әлемінің серкесі Сакураға арналады.

Жастайынан спортқа жақын болып, құқық қорғау органында қызмет еткісі келген жас жігіттің не себепті түзу жолдан тайғанын телетуындыдан бірге білеміз. Сакура сүйген қызы үшін қылмыс әлемімен қош айтыса ала ма?

«Бірінші маусымда Сакура бір типті, сабырлы болса,  екінші маусымда жан-жақты болады.  Баян ханым туыс,  бауыр дегенге қарамайды. Жұмыста өте қатал.  Қалай бар,  солай айтады. Алмат Сақатов сияқты белгілі актермен бірге ойнау қиындау болды.  Өйткені,  ол кісіні өмірде сыйлаймын,  жолы үлкен.  Рөлде ол кісіні басынып,  дөрекілік көрсету қиындау болды», – дейді актер Айдар Асқарбек.

Естеріңізге салайық,  2019 жылы «Рауза»  сериалының бірінші маусымы «Хабар» арнасында жарық көрді. Басты рөлді әнші,  актриса Жарқынай Ханайым мен Баянның інісі (туған әпкесінің ұлы) Айдар Асқарбек сомдады.  Рауза мен Сакура телехикаяда қосыла алмаса да,  актерлер бір жылдан кейін үйлену тойын тойлады. Түсірілім алаңында танысып, бір-біріне ғашық болған Жарқынай мен Асқардың бүгінде бір қыздары бар.

Жылдың ең шытырман оқиғалы телехикаясы «Рауза. Сакураның гүлдеуі» 20 қыркүйектен бастап сағат 21:30-да «Хабар» арнасында!